Басты бет Жаңалықтар Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Нұрназар Әмзе
Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 13 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version