Басты бет Жаңалықтар Тоқаевқа таеквондодан қара белбеу табыс етілді

Тоқаевқа таеквондодан қара белбеу табыс етілді

Фото: Ақорда
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чхве Чжунвонмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Ресми бөлімнен кейін мәртебелі қонақ мемлекет басшысына жекпе-жек өнерінің дәстүріне сай ағаш тақтайды сындырып көруді ұсынды. Бұл сәттің видеосын журналист Әділ Балтабаев желідегі парақшасында жариялады.

Видеода Қасым-Жомарт Кемелұлы жымиып: Really? («Шынымен бе?») – деп сұрайды. Ұсыныстың әзіл емес екеніне көз жеткізгеннен кейін, президент бір соққымен тақтайды қақ бөлді.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Чхве Чжунвонды таеквондоны әлемде дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Федерация басшысы Қазақстан президентіне есімі жазылған қара белбеуін табыстады.

Exit mobile version