Басты бет Жаңалықтар Алматыда Жей Лоның концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

Алматыда Жей Лоның концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматы полициясының киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы 10 тамыз күні өткен Женифер Лопездің концертіне жалған билет сатты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқаны белгілі болды. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адам анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, — деді Алматы қаласы киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Exit mobile version