Басты бет Жаңалықтар Елімізде терроризм әрекеттеріне қатысы бар 7 адам сотталды

Елімізде терроризм әрекеттеріне қатысы бар 7 адам сотталды

Фото: Tengrinews.kz
Шілдеде Қазақстанда жеті азамат террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр.

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін жергілікті тұрғынды сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен бірлесіп жүргізілген операция барысында арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.

Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Сол сияқты, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің бес азаматына төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҰҚК мәліметінше, терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасып жатыр.

Exit mobile version