Басты бет Жаңалықтар 1 қыркүйекте Қазақстанда 83 жаңа мектеп ашылады

1 қыркүйекте Қазақстанда 83 жаңа мектеп ашылады

Фото: Нұрназар Әмзе
Қазақстанда 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеп отыр.

Мектеп құрылысы жұмыстарына тоқталсақ, қазіргі таңда 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынып жатыр. 1 қыркүйекте 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады, — деді Ғани Бейсембаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар биыл 190 мың оқушы оқитын 245 мектепті жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр, оның 145-і – ауыл, 100-і – қала мектебі. 1 қыркүйекте 99 мың оқушыға арналған 127 мектепте реновация аяқталады.

Бұл жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүргізу әкімдіктердің жауапкершілігінде. Қазіргі уақытта Алматы, Атырау және Абай облыстарында жұмыстарды күшейтуді қажет етеді. 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушы білім алатын 1 мың ауыл мектебін модернизациялау жоспарланған. Қазіргі кезде бұл жоспар 733 мектепте немесе 73,3%-ға орындалды. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында модернизациялау жоспарының толық орындалмау тәуекелдері бар, — деді министр.

Exit mobile version