Басты бет Жаңалықтар Биыл елімізде 341 мың бала 1-класқа қабылданады

Биыл елімізде 341 мың бала 1-класқа қабылданады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Жаңа оқу жылында орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Қазіргі кезде елімізде 8 мыңан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алып жатыр. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-класқа қабылданады. 11-ші – мектеп бітіретін класқа 232 мың оқушы өтті. Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілетін болады. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-класс оқушыларына арналған Дэй-оф-эй-ай («Day of Al») онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді, — деді Ғани Бейсембаев үкімет отырысында.

Exit mobile version