Басты бет Жаңалықтар 11 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

11 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер болжамы бойынша, антициклон сілемінің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, — делінген мекеме таратқан ақпаратта.

Күндіз Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 40 градус, Алматы облысында, Жетісу облысында 35-37 градус, Ұлытау облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіліп отыр.

Сонымен қатар күндіз батыста, солтүстікте, Алматы облысының орталығында 41 градус дейін қатты ысиды.

Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстік жартысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұдан бөлек, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының шығысында солтүстігінде, батысында, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Exit mobile version