Майкл Джексон өзін біреулер өлтірмек болып жүргенін айтқан

Майкл Джексон қайтыс болардан бірнеше апта бұрын өзінің жақын досы, германиялық бизнесмен Майкл Якобшагенге  (Michael Jacobshagen) өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хат жазған. Бұл туралы Якобшаген Sunday Night телешоуында берген сұхбатында айтты. 

©StarsLife

Поп музыка королінің досына жазған 13 хатында да біреулердің оны өлтіргісі келіп жүргені жазылған. «Мен өз өмірім үшін қорқамын» деп жазған Майкл Джексон.

Якобшаген айтуынша, Джексон оған хабарласып, Лондондағы концертінде жанында болуын сұраған.

«Ол эмоционалдық дағдарыста болды. «Олар мені өлтірмекші»,-деді»,- деп айтты Якобшаген.

Бірақ әншінің досы оны кімдер өлтірмек болғанын білмейді. Болжам бойынша, бұған әншінің Лондондағы концертін ұйымдастырушылардың қатысы болуы мүмкін.

Бұған дейін Майкл Джексонның қызы Париж бен әпкесі Ла Тойя Майклдың  2009 жылы 50 жасында қасақана өлтірілгенін хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version