Басты бет Жаңалықтар Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Іnform.kz
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 8 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version