Басты бет Жаңалықтар Енді Алматы облысындағы мектептерде полицейлер сабақ береді

Енді Алматы облысындағы мектептерде полицейлер сабақ береді

Фото: Нұрназар Әмзе
Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде қосымша сабақтар Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен үш колледжде енгізіледі.

Жобаның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету, сонымен қатар зорлық-зомбылық, буллиң және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен, прокуратура және полицияда қызмет еткен тәлімгерлер жүргізеді. Тәлімгерлерді оқыту 7–8 тамыз күндері басталады, — делінген хабарламада.

Пилоттық мектептер мен колледждерде оқу жылында 7–10 класс оқушылары мен колледж студенттері үшін барлығы 36 сабақ өткізу жоспарланған. Сабақтар екі аптада бір рет өтіп тұрады, алдын ала және қорытынды диагностика және оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониториң жүргізіледі.

Exit mobile version