Басты бет Жаңалықтар Танысына несие алып берген адам 3 миллион теңге қарызға батты

Танысына несие алып берген адам 3 миллион теңге қарызға батты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Жамбыл облысында танысының өтінішіне келісіп, банк несиесін өз атына рәсімдеген азамат пайыздарымен бірге 3 милион теңгеден астам қарызға батты.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, бұл азаматтық іс Шу аудандық сотында қаралған.

Сот материалдарына сәйкес, бір азамат өзінің танысын 1,9 миллион теңге көлемінде банк несиесін рәсімдеуге көндірген. Ол қарызды өзі төлейтінін айтып, уәде еткен, алайда кейін айтқанынан тайқып шыққан. Соның салдарынан қарыз өсіп, 3 миллион теңгеге дейін жеткен. Жәбірленуші бірнеше рет проблеманы сотқа дейінгі жолмен шешуге тырысқанымен, танысы байланысқа шықпаған. Ақырында ол берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Сот процесі барысында тараптар медиация тәртібімен мәмілеге келген. Келісім бойынша, жауапкер ай сайын 200 мың теңгеден қарызын өтеуге міндеттелді, — делінген хабарламада.

Сот бұл келісімді бекітіп, талапкерге мемлекеттік баж салығы қайтарылды. Шешім заңды күшіне енді.

Exit mobile version