Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты.
Бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, алты өңірде — Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ана өлімінің өсуі байқалады. Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен жеті есе жоғары болып тұр. Ана өлімінің басым себептері: ауыр экстрагенитальды аурулар — 55 % (10 жағдай) және акушерлік жағдайлар – 45 % (8 жағдай). Әрбір жағдай бойынша жан-жақты сараптама жүргізіледі, — деді Ақмарал Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр.
Нәресте өлімінің негізгі себептері:
- перинаталдық кезеңдегі жағдай (47,7%);
- туа біткен ақаулар (19,6%);
- тыныс алу ағзаларының аурулары (7,6%).