Астанада қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курс өтеді. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ересектерге арналған қазақ тілі курсына өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады.
Курс 2 қыркүйекте басталады. Ал оқыту офлайн форматта өтеді. Курс төрт айға жалғасады. Сабақтар аптасына үш рет өтеді. Сонымен қатар курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинетке бару қажет.
Байланыс телефондары:
- Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;
- Ұялы: +7 (707) 797-71-43.