Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Көктөбені аралады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін мемлекет басшысы Алматының көрнекі жерлерінің бірі саналатын Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті.