Басты бет Жаңалықтар Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын солтүстіктен келген антициклон қалыптастырады, соның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында, шегініп бара жатқан циклонның ықпалымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық — 35-39 градусқа дейін, Маңғыстау облысында — 38-40 градус, Батыс Қазақстан облысында — 35-38 градус, Ақтөбе облысының батысында — 36 градус ыстық болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Алматы облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сонымен қатар Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Exit mobile version