Басты бет Push Анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды

Анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды. Бұл ақпаратты Павлодар облыстық балалар ауруханасы растап отыр.

2024 жылы туған баланың жағдайы 1 тамыз күні бойы өте ауыр әрі тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлай бастады. Сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. Сағат 20:40-та өлімді тіркедік, – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Павлодарда бір әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен. Екі бала да, әйел де ауруханаға жатқызылған.

Зардап шеккен балалардың бірінің жасы 1,5 жаста болса, екіншісі 5 жаста.

Exit mobile version