Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың өзіне қатысты мәлімдемелеріне реакция білдірді.
Владимир Путин Александр Лукашенкомен кездесу кезінде Украинамен келіссөзге тоқталып, Дональд Трамптың «көңілі қалуына» қатысты пікірін айтқан.
Ал қандай да бір көңіл қалуларға келер болсақ, көңіл қалулардың барлығы тым көп күтіп қалудан туындайды. Мәселені бейбіт түрде шешу үшін тыңғылықты түрде әңгімелесу керек – жұрттың көзінше емес, тыныш келіссөз үстелінде, – деген ол.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Владимир Путиннен көңілі қалғанын бірнеше рет мәлімдеген. Ол «Путин есінен адасқан» деген де мәлімдеме жасаған.
АҚШ президенті Шотландияға сапарында журналистермен сөйлесіп, Ресейге Украинамен бейбіт келісімге келу үшін 10–12 күн уақыт беретінін айтқан.