Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 тамызда БҰҰ конференциясына қатысады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
5 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан келеді.
«Ақорда» ақпаратына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.