2025-2026 жылғы оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.
Білім грантына төмендегі санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
- Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
- Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- Мүгедектігі бар азаматтар;
- Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
- 2022 жылғы Қаңтар оқиғас кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.
Өтінішті 29 жасқа дейінгі азаматтар бере алады.