Басты бет Жаңалықтар Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, қаза болды

Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, қаза болды

Фото: Нұрназар Әмзе
Алматыда биіктен құлаған студент қыз қаза болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Желідегі мәлімет бойынша, 1-курс студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секірген.

Алматының полиция департаменті бұл дерек растап, қылмыстық іс қозғады.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.

Exit mobile version