Басты бет Жаңалықтар Түрмеден шыққандарға жәрдемақы беріледі

Түрмеден шыққандарға жәрдемақы беріледі

Фото: Оsce.org
Астанадағы №3 түзету мекемесінен жеті адам босатылды. Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.

Рақымшылыққа іліккендердің қатарында шетел азаматы да бар. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату биылғы амнистия туралы жарлық аясында жүзеге асты.

Бостандыққа шыққан азаматтарға қажет құжаттар табысталып, әлеуметтік және құқықтық бейімделу бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда медициналық және әлеуметтік қызметтерге жолдама ұсынылды, — делінген хабарламада.

Енді Конституция күніне орай 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады.

Түзету мекемелерінен босап шыққан сотталғандарға Астана қаласының әкімдігінің мансап орталығы жұмысқа шақырады. Шыққан беттен бізге келіп, 15 АЕК жәрдемақы алуға болады, — дейді «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс бөлімінің маманы Ақшолпан Асанова.

Оның айтуынша, түзету мекемелерінде жұмыс істеген болса, алты айға дейін жәрдемақы алуға болады.

Exit mobile version