Басты бет Жаңалықтар Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қазақстан президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. Гүл қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты, — делінген хабарламада.

Exit mobile version