Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы «Алғабас» шағын ауданында екі мектеп салынады

Алматыдағы «Алғабас» шағын ауданында екі мектеп салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі сектеп салынады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Алғабас» шағын ауданында салынатын 2 мың және 1,2 мың орындық екі мектептің құрылысына 5 миллиард теңге бөлінген. Қаржыландыру Қазақстандағы оқушы орындарының тапшылығын және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және қалалық әкімдік жанындағы жобалық кеңсесінің қолдауымен іске асырылып жатқан Almaty Business – 2025 өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Мектептер STEM-зертханаларымен, робототехника, физика, химия, биология кабинеттерімен, интеллектуммен, компьютерлік сыныптармен, акт залымен, медиатекамен, коворкингпен, шеберханалармен, сонымен қатар ашық ойын және спорт алаңдарымен жабдықталады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мектептер жас ерекшелігіне қарай бастауыш, негізгі және орта блоктарға бөлініп, әрқайсысында жеке асхана мен спорт зал қарастырылады.

Мектептерді ашу 2026 жылғы қаңтарға жоспарланған.

Exit mobile version