Басты бет Жаңалықтар Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам қаза болды

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам қаза болды

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/
UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті. Бұл туралы ақпарат «Криминальный Казахстан» Telegram каналында жарияланды.

27 шілдеде сағат 08:50-де «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының 299 км-де Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі жол апатына түскен. Жүргізуші Қарағанды облысынан Алматы қаласына бара жатып, рөлді басқара алмай қалған, көлік аударылып кеткен, — делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза болды, екеуі ауруханаға түсті. Ауруханаға түскендер – Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы.

Қазіргі уақытта «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Exit mobile version