Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

Фото: ТЖМ
ТЖМ құтқарушылары парапланмен құлап кеткен әйелді эвакуациялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында 1985 жылы туған әйел парапланмен ұшып бара жатып құлап кеткен. ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем көлігіне жеткізді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version