Басты бет Жаңалықтар Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

26 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 27 шілде күні сағат 06:00-ге дейін Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version