Басты бет Жаңалықтар Қазақстан азаматтары тамызда неше күн демалады?

Қазақстан азаматтары тамызда неше күн демалады?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
2025 жылғы тамызда Қазақстан азаматтары Конституция күніне байланысты үш күн демалады.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан демалады.

Жалпы алғанда, 2025 жылғы тамызда Қазақстан азаматтары 10 күн бойы демалады.

Exit mobile version