Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Фото: Batys.info
Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Төтенше жағдай таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург–Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза болған. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Exit mobile version