Басты бет Жаңалықтар Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысып отыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады, — дейді Ғани Бейсембаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Exit mobile version