Басты бет Жаңалықтар 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

24 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкеледі. Батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысында күндіз 38–39 градус аптап ыстық болады. Жетісу және Алматы облыстарында 35–37 градус, Жамбылда 38 градус, Түркістанда 40–42 градус, Қызылордада 40–43 градус, Ұлытауда 35–39 градус, Қарағандыда 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Атырау облысының батысында, Қостанай мен Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде де 35 градусқа дейін ыстық болады.

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Қостанай облысының батысы мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының шығысы мен оңтүстігінде, Павлодар облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Exit mobile version