Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Оңтүстік Корея президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Оңтүстік Корея президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сонымен қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Ли Чжэ Мёң Қазақстан президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.

Exit mobile version