Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза болды

Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза болды

Фото: Canoe.com
Қарағандыдағы сумен жабдықтайтын «Қарағанды Су» мекемесінің екі жұмысшысы қайтыс болды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Екі дәнекерлеуші қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болды. Жұмысшының бірінің 26 жылдық, ал екіншісінің алты жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар болған. Қазіргі уақытта комиссия мен еңбек инспекциясы тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Қайғылы жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

29 және 46 жастағы екі ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, құдықтағы датчиктерді жөндеу кезінде кәріз газымен уланған, — дейді облыстық полиция департаменті.

Exit mobile version