Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.
Сонымен қатар қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.