Басты бет Жаңалықтар Қытайда басы дауға қалған қазақстандық блогер елге оралды

Қытайда басы дауға қалған қазақстандық блогер елге оралды

Фото: Алматы қаласы ПД
Қытайда метрода жігіттердің тізесін, қолын ұстап, хайп видео түсіремін деп басы дауға қалған қазақстандық блогер елге оралды.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД хабарлап отыр.

Бойжеткенге Алматы қаласының полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді. Бейнероликтердің бірінде блогер жолдасының қалтасынан ұялы телефонды алып, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматтарының біріне бергені, артынан ұрлық болды деп сол адамға нұсқағаны анық байқалады.

Тағы бір видеода ол көшеде және метро станцияларында бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолдары мен аяқтарынан ұстаған. Бұл әрекеттер айналасындағылардың үрейі мен түсінбеушілігін туғызған.

Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеді. Бұл ойланбай жарияланған материал болды. Егер біреуге жағымсыз әсер етсе, кешірім сұраймын. Енді контент жариялау мәселесіне мұқият қараймын, – деді ол.

Полиция әлеуметтік желілерде кез келген материалды жариялау кезінде отандастар мен шетел азаматтарының ар-намысы мен құқығын құрметтеу маңызды екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс пікір тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар шетелге шыққан әрбір азамат сол елдің заңдарын, қоғамдық тәртіп ережелері мен мәдени дәстүрлерін құрметтеуге тиіс. Бұл нормаларды бұзу құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Exit mobile version