Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз ауа райы сақталады

Фото: Нұрназар Әмзе
23 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы және түнде Астанада қолайсыз ауа райы сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version