Басты бет Жаңалықтар Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Нұрназар Әмзе
Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

  • 22 шілде күні сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.
  • 23 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған, — делінген хабарламада.

Exit mobile version