Басты бет Жаңалықтар Үкімет басшысы министрлерге бірнеше міндет жүктеді

Үкімет басшысы министрлерге бірнеше міндет жүктеді

Фото: Үкімет
Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміздің көші-қон саясатын жетілдіруге қатысты құзырлы органдарға тапсырма берді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бірінші тапсырма, еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл 1 қазанға дейін үкіметке Қазақстан Республикасының көші-қон және демографиялық саясаты тұжырымдамасының жобасын енгізсін. Ол әзірленіп жатқан 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасына сәйкес болуға тиіс. Екінші тапсырма, өңірлерде қандастар мен ішкі қоныс аударушыларға барлық қажетті көмек көрсетіп, жәрдем беру керек, — деді Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Премьер-министр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қандастар арасында елге келгенге дейін алдын ала сауалнама жүргізу құралын енгізуді тапсырды.

Бұл қандастардың жеке және кәсіби артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Оларды еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту керек. Үшінші тапсырма, ішкі істер министрлігі мен барлық мүдделі мемлекеттік орган көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шарасын қатаңдатуды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы, көші-қон саласындағы қауіпсіздік мәселесін күшейту қажет, — деп толықтырды Олжас Бектенов.

Аталғанды тапсырманы бақылау мен үйлестіру үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Exit mobile version