23 шілдеден бастап Астанада оқушыларға арналған көлік картасын алу жеңілдей түсті. Бұл туралы CTS хабарлап отыр.
CTS Орталық кассасында жеңілдігі бар және мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін жүгінген кезде жеңілдікті растайтын құжат немесе оқу орнынан анықтама қағазын ұсынудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек енді 3*4 фотосын апармасаңыз, суретке де сол жерде түсіреді. Бұл қызмет 2025 жылғы 1 шілдеден тиісті мәртебе алған жеңілдікті санаттағы азаматтарға қолжетімді.
2025-2026 жаңа оқу жылы 1-класқа баратын оқушылар мектеп көлік картасын толық мәліметтер енгізілгеннен кейін рәсімдей алады, — делінген хабарламада.