Басты бет Жаңалықтар Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлады

Бангладеште әскери ұшақ мектеп ғимаратына құлады

Фото: X/@rahultanvir_me
Бангладеш астанасы Даккада әскери оқу ұшағы мектеп пен колледждің кампусына құлап, кемінде 27 адам қаза болды. Бұл туралы NDTV хабарлап отыр.

Ел билігі 22 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

F-7 BGI үлгісіндегі оқу ұшағы Дакканың Уттара ауданындағы Майлстоун мектебі мен колледжінің аумағына құлаған. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде оқу орнында балалар болған.

Бангладеш армиясының ресми өкілдері құлаған ұшақтың әскери әуе күштеріне тиесілі екенін растады. Ұшақты басқарған авиация лейтенанты Товкир Ислам Сагар ауыр жарақат алып, Біріккен әскери госпитальдің жансақтау бөліміне жеткізілген. Бангладеш үкіметі 22 шілде – сейсенбі күні ел бойынша бір күндік ұлттық аза тұту жариялады. Апаттың нақты себептері әзірге ресми түрде хабарланған жоқ. Тергеу жұмысы басталып кетті.

Exit mobile version