Басты бет Жаңалықтар Алматыда Саин-Жұбанов жолайырығындағы бұрылыстар уақытша жабылады

Алматыда Саин-Жұбанов жолайырығындағы бұрылыстар уақытша жабылады

Фото: Еgemen.kz
Алматыда Саин және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жолайырығы бұрылыстарын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

21 шілде сағат 23:00-ден 22 шілде сағат 6:00-ге дейін шығыс жағындағы бұрылыстар жабылады. Ал 22 шілде сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін батыс жағындағы бұрылыстар жабылады. Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған.

Exit mobile version