Басты бет Жаңалықтар Қазгидромет: Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет: Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Нұрназар Әмзе
Бүгін республикамыздың бес қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 20 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version