Басты бет Push Теңге неге әлсіреді? Ұлттық банк түсіндірді

Теңге неге әлсіреді? Ұлттық банк түсіндірді

Фото: mail.kz
Доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің құлдырауын маусымдық факторлармен байланыстырады.

Орташа есеппен, маусымнан бастап импорт көлемі жыл басынан бергі орташа айлық көрсеткіштен 25% көп. Осындай қарқын валюта биржасында да байқалады: орташа сауда көлемі 22%-ға көп, – деді Әлия Молдабекова.

Маман теңгенің құлдырауын импорттық операциялардың көбеюімен, бюджет қаржысын белсене игерумен, туристердің көбеюімен, квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың азаюымен байланыстырады.

Exit mobile version