Басты бет Жаңалықтар Елордадағы Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордадағы Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Фото: Нұрназар Әмзе
Елордадағы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.

Осыған байланысты 18-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Exit mobile version