Басты бет Жаңалықтар Екібастұзда кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған

Екібастұзда кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған

Фото: Ucetni-karlovy-vary.cz
Екібастұздағы кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурсы хабарлап отыр.

Ірі кәсіпорындар бюджетке миллиондаған салық төлемеген.

Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1″ ЖШС жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған. Салдарынан 421 миллион теңге көлемінде салық төленбеген, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Қазақстан вагон жасау компаниясы» да салық төлемеген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді өткізу айналымын төмендеткен. Төленбеген салық сомасы – 550 миллион теңге, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта анықталған барлық заң бұзушылық жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылды.

Exit mobile version