Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда автокөлік өртеніп, төрт адам қаза болды

Батыс Қазақстанда автокөлік өртеніп, төрт адам қаза болды

Иллюстрация: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстанда автокөлік өртеніп, төрт адам қаза болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БҚО мәліметінше, оқиға 17 шілде күні шамамен сағат 15.00-де Орал-Озинки жолының 64-шақырымында Бәйтерек ауданы Усихино елді мекені тұсында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігін басып озамын деп, рульге ие бола алмай, оның артқы бөлігіне соғылған. Соққы салдарынан жеңіл автокөлікте өрт шығып, жанып кеткен.

Оқиға орнында Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version