Басты бет Жаңалықтар Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

Видео скрині
Бұрынғы ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтінім берді.

Бұл ақпаратты жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 29 сәуірде прокурор Саяхат Нұрбеков айыптаушы тарап Байжановқа қылмыстық кодекстің 434-бабы – «қылмыс туралы хабарламау» бойынша жартылай айып тағудан бас тартып, оған қатысты қылмыстық істі қарауды жалғастыру қажет деп санайтынын айтқан еді.

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, аса ауыр қылмысты «жасыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот Байжановқа қатысты төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Exit mobile version