Басты бет Жаңалықтар Екатеринбург-Алматы трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза болды

Екатеринбург-Алматы трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза болды

Фото: instagram.com/nayzakokshe
16 шілде күні «Екатеринбург-Алматы» тасжолында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлап отыр.

Жол көлік оқиғасы Chery және Nissan Patrol маркалы екі автокөліктің қатысуымен болған. Оқиға салдарынан үш адам оқиға орнында қаза болды, төртеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Кейін Chery Tiggo жүргізушісі алған жарақаттарынан Астана қалалық ауруханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорытынды шыққан соң процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті мұндай апаттардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық сақтау, көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салады.

Exit mobile version