Басты бет Жаңалықтар Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды

Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды

Фото: Үкімет
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматыда «Алпроф» ЖШС-де программист болып бастады.

  • 2009-2012 жылдары – «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.
  • 2012-2013 жылдары – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.
  • 2013-2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
  • 2015-2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.
  • 2017-2018 жылдары – «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.
  • 2018-2020 жылдары – «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
  • 2020-2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.
  • 2022-2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
  • 2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР туризм және спорт министрлігі цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.

Exit mobile version