Басты бет Жаңалықтар Шымкентте электр энергиясын беру уақытша шектелді

Шымкентте электр энергиясын беру уақытша шектелді

Фото: Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі
Шымкентте аптап ыстыққа байланысты электр энергиясын тұтыну бойынша шектеулер қойылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.

Өңірде аптап ыстыққа байланысты «ТЭЦ-3»-тің электр энергиясын өндіру көлемі 70 мегаваттан 0 мегаватқа дейін төмендеген. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр энергиясын тұтынуға уақытша шектеу енгізген. Нәтижесінде қала бойынша электр энергиясын тұтыну 10 мегаватт көлемінде азайып отыр.

Алдағы уақытта қала аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір аудандарда электр энергиясы ішінара өшірілуі мүмкін. Қалада электр желілерінің тозығы жеткен жерлері көп. Оның көлемі 50%-дан асатынын хабарлаған едік. Тозу деңгейі өте жоғары, – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Жергілікті билік өкілдері тұрғындардан аталған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

Exit mobile version