Басты бет Жаңалықтар Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасы 6 айда 6,2%-ға өсті

Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасы 6 айда 6,2%-ға өсті

Иллюстрация: Vteme.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында жылдың алты айында ел экономикасы 6,2% көрсеткенін мәлімдеп отыр.

Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,2%-ға жетті, алғашқы бес аймен салыстырғанда 0,2%-дық тармаққа жеделдеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі қарқыннан жоғары және соңғы 12 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, нақты сектордағы өсім 8% болып, қызметтер өндірісі 5,2% өскен.

Негізгі драйверлер – көлік және құрылыс салалары. Сауда жанданып, тау-кен өнеркәсібі 8,4%, өңдеу секторы 5,5%, ауыл шаруашылығы 3,7% өсіп отыр, — деді Серік Жұманғарин.

Exit mobile version